«G-Global» алаңында Астана экономикалық форумына арналған виртуалды жоба іске қосылады

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін 19 сәуірден бастап 19 мамырға дейінгі аралықта «G-Global» халықаралық платформасы алаңында онлайн режимде «VI Астана экономикалық форумы және Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция» атты виртуалды жоба іске қосылады.
None
None

Аталған жоба аясында алдағы Астана экономикалық форумы және Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияда қаралатын тақырыптар мен бағдарламалар онлаин режимде әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен практиктердің виртуалды талқысына түседі. Атап айтқанда, «G-Global» алаңындағы виртуалды диалогқа заманымыздың танымал ғалымдары, оның ішінде Нобель сыйлықтарының лауреаттары, бизнес-қауымдастық өкілдері мен мемлекет қайраткерлері қатысатын болады.

Аталған интернет-жобаны іске қосу әлемдік және ұлттық экономикалардың даму перспективаларына қызығушылық танытатын ғылыми-интеллектуалдық, сараптамалық, кәсіби және басқа да аудиториялар ауқымын кеңейту мақсатында жүзеге асады деп жоспарланған. Интернет-жоба ғаламшардың барынша кең ауқымын қамти отырып, халықтың түрлі жігі үшін барлық дерлік мемлекеттер өкілдерінің пікірін естуге мүмкіндік туғызбақ. Бұл форматтың және бір ерекшелігі VI Астана экономикалық форумы және Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференциясына қатысатын барлық сарапшылар алдын ала онлаин режимде алдағы мәселелерді талқылауға мүмкіндік алып, форумның қабылдайтын қорытынды ұсыныстарына әзірлікті ертерек бастауды қамтамасыз етпек. Бұл ретте www.group-global.org сайтына мақалалар, баяндамалар жүктеп, орналастыруға болады, талқылауларға қатынасып, комментарийлер қалдыруға, бейне-коференцияларға атсалысуға, сауалдар қоюға мүмкіндіктер қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар