G-GLOBAL - көпполярлы әлемді біріктіруші идея
АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Ел тұрғындарының үштен екі бөлігінен астамы (87,3 пайызы) Мемлекет басшысының G-GLOBAL идеясын әлем үшін дағдарысқа қарсы шешімдердің уақытылы және анағұрлым тиімді тетігі деп біледі.
«Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының V Астана экономикалық форумының қорытындысы бойынша өткізген жедел сауалнамасы, қазақстандықтар жаңа әдемдік экономикалық кеңістікті құру жолдарын іздеп-табу бойынша интерактивті пікірталасқа үлкен қызығушылық білдіретіндігін көрсетті.
Сұралғандардың 85 пайызы қазіргі экономикалық және әлеуметтік мәселелердің шешімдерін бүкіл әлем болып іздеу мүмкіндігі - бұл жаһандық диалогтың ең өзекті және тиімді форматы.
Сауалнамаға қатысқандардың 78 пайызынан астамы G-GLOBAL коммуникативтік интернет-алаңының белсенді қатысушысы болуға даярлықтарын білдірді.