12:36, 13 Қараша 2013 | GMT +5
Г. Головкин «Астана» кәсіби спорт клубына кірді
АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап Қазақстанның танымал боксшысы, әлемге әйгілі чемпион Геннадий Головкин «Астана» кәсіби клубы аясында жұмыс істейтін болады. Осыған орай бүгін ол арнайы келісім-шартқа қол қойды.

«Астана» президенттік кәсіби спорт клубының жетекшісі Бақтияр Артаевтың айтуынша, Г. Головкин клубқа мүше болғаннан бастап, оның барлық жаттығулары мен жекпе-жектерін қаржыландыруды «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры өз мойнына алады.
Айта кетейік, Г. Головкин осы уақытқа дейін 28 жекпе-жек өткізіп, соның барлығында да жеңіске жеткен.