Г.Головкин айтулы боксшылармен болашақта емес, қазір жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головикиннің айтуынша, оған айтулы, үлкен сайыстар болашақта емес, қазіргі уақытта керек, деп жазады Sports.kz.

Г.Головкин айтулы боксшылармен болашақта емес, қазір жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты

Бұл туралы боксшы кіші Вилли Монроны жеңгеннен кейін айтқан.

«Мен Мигель Коттоны құрметтеймін, ол - мықты чемпион. Оның келесі жекпе-жегінде жеңіске кім жететінін білмеймін, бірақ мен, бұл айқасты күтемін. Мен онымен болашақта емес, дәл қазір қолғап түйістіргім келеді. Қазір мен үшін Канело, сол секілді атақты, үлкен боксшылар ғана маңызды», - деді Г.Головкин. Еске сала кетейік, WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головикин бүгін кәсіби шаршы алаңда кезекті сөзсіз жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы ол Калифорнияда 28 жастағы америкалық боксшы кіші Вилли Монроны нокаутпен жеңді.