Г. Головкин бокстан Қазақстанның ұлттық құрамасының нәтижелерін сын тезіне алды
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының нәтижелерін сынға алды.
Бұл жайында ол бүгін Астанада мәлім етті.
«Әуесқой бокстан еліміздің спортшыларының нәтижелері көңіл көншітпейді. Атап айтқанда Қазақстан құрамасының алдыңғы қатарда жүруіне барлық жағдайлар бар. Жалпы елімізде боксты дамытуға қажетті жағдай барынша жасалып жатыр. Сондықтан да бірінші орынды иеленбеу ұят секілді»,-деп сынға алды кәсіпқой боксшы.
Сөз соңында Г. Головкин Қазақстан құрамасының қорытынды нәтижесін енді Лондондағы олимпиададан кейін бағалауға болатынын ескеріп өтті.