Г. Головкин: Лемьемен жекпе-жек мен үшін үлкен сынақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі ашық жаттығу кезінде Геннадий Головкин Давид Лемьемен кездесудің маңыздылығы мен орта салмақ дәрежесіндегі жағдай туралы айтты, деп хабарлады Sports.kz.
None
None

- Бұл мен үшін үлкен сынақ. Ол - IBF чемпионы. Бұл маңызды оқиға, pay-per-view. Қазір орта салмақ дәрежесінде қызықты жағдай қалыптасты. Үш-төрт мықты боксшы бар деп ойлаймын. Олардың ішіндегі үздігі кім екенін анықтау маңызды, - деген Геннадийдің сөздерін boxing247.com келтірді.

Еске сала кетейік, Головкин - Лемье жекпе-жегі 17 қазанда Нью-Йоркте Madisson Square Garden-де өтеді.

Соңғы жаңалықтар