Г.Головкин: Мен «машина» емеспін, қарапайым қарағандылық жігітпін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемге әйгілі қазақстандық боксшы, WBA, IBF IBO және WBC тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкин Астанадағы жанкүйерлерімен кездесу өткізді.
None
None

Кездесу барысында жанкүйерлердің бірі: «Геннадий Головкиннің басты құпиясы неде?» деген сауал тастаған болатын. Геннадий бұл сауалды оған жиі қоятындығын жасырмады. Тіпті көп сарапшылар боксшыны «машина», «темір адам» деп атайды. Осыған қарамастан, боксшы өзін қарапайым қарағандылық жігіт ретінде сезінеді.

«Менің құпиямды білгілерің келе ма? Мен қарапайым адаммын, бары сол ғана. Мен «машина» емеспін. Машина кейде сынып тұратыны бар», - деді ол жанкүйерлерге берген жауабында. - Менде өз көлігім жоқ. Жүргізе аламын, бірақ өзімнің көлігім жоқ».

Сонымен қатар Геннадий Головкин сөздерінің бірінде орта салмақтағы барлық белбеулерге қол жеткізуді армандайтындығын айтып қалды.

«Шынында бокс соншалықты қиын емес. Үш-ақ соққы: тура, астынан, жанынан. Бұл футбол ойнағандай оңай шаруа. Менің арманым орта салмақтағы барлық белбеулерді жеңіп алу», - деді GGG.

Сонымен қатар Г. Головкин кәсіпқой бокстағы мансабын қашан аяқтайтындығына қатысты сауалға жауап берді.

«Менің құпияларымды тағы да білгілерің келіп отыр. Жігіттер, қазір мен өзімді керемет сезінемін, денсаулығымның да шама-шарқы жетіп артылады. Кәсіпқой бокста қанша уақыт болатыным белгісіз. Барлығы жағдайға байланысты. Әрине, бокс - өте қауіпті спорт. Егер осымен болғанын сезсем, сөз беремін, мен спорттан кетуді ойластыра бастаймын», - деді суперчемпион.

Айта кетейік, Г. Головкин келесі кездесуін күзде өткізетіндігі белгілі. Алайда оның қарсыласы әлі анықталған жоқ. Сауль Альварес Геннадий Головкинмен кездесуден бас тартқаннан кейін, қазақстандық боксшы WBC титулына ие болған еді. 

2 6 8 9 4 

Соңғы жаңалықтар