Г.Головкин мен Мюррей жекпе-жегі 5 раундтан аспайды - Абель Санчес

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Мартин Мюрреймен өтетін алдағы сайысқа қатысты болжам жасады, деп жазады sports.kz.

Г.Головкин мен Мюррей жекпе-жегі 5 раундтан аспайды - Абель Санчес

Еске сала кетейік, 21 ақпан күні Монте-Карлода Г.Головкин Мартин Мюрреймен қолғап түйістіреді. «Мен рингтегі қарсыласқа уайымдаудан гөрі өзім жаттықтыратын боксшының қамын көбірек ойлайтын бапкерлер қатарынанмын. Осы орайда керісінше, Мюррей Геннадийге бейімделсін дегім келеді. Геннадий оны нокаутқа жіберуге дайындалып жатыр, меніңше жекпе-жек 5 раундтан аспайды. Біз Мюррейді титулсыз чемпион деп санаймыз. Ол Германияда Штурмды, Англияда Мартинесті тізе бүктірген еді», - деді Абель Санчес.