Г.Головкин менің баламнан әлсіз - бұрынғы әлем чемпионы К.Юбенк

АСТАНА. ҚазАқпарат - 90-шы жылдардың ортасында орта салмақта кәсіби боксшылар арасында әлем чемпионы болған Крис Юбенк ұлының Геннадий Головкинді және басқа да әлемнің орта салмақтағы үздік былғары қолғап шеберлерін жеңетіндігіне сенімді, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Г.Головкин менің баламнан әлсіз - бұрынғы әлем чемпионы К.Юбенк

«Мен орта және жартылай орта салмақтағы барлық боксшыларды көрдім. Геннадий Головкин? Мені ұлым оны жеңіп кетеді. Мен өз ұлымнан қолының, аяғының жылдамдығы мен соққыларының жойқындығы тұрғысынан Роберт Дюран мен Рой Джонстың қоспасын көремін. Ол 15 жекпе-жек өткізді, ешбір жеңіліп көрген емес», - деді Юбенк.

Крис Юбенк 1990 жылы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадийдің келесі кездесуі 26 шілдеде 20 мың адамдық Madison Square Garden аренасында өтеді. Оның бұл жолғы қарсыласы австралиялық Дэниэл Гил болады деп күтілуде. Сондай-ақ, жерлесімізбен тағы бір австралиялық Джаррод Флетчер де жұдырық түйістіруге ниетті.