Г. Головкин: «Менің белбеулерімді алуға батылдығы жеткені үшін Брук құрметке лайық»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин өзінің жаңа қарсыласы британдық Келл Брук жайлы мақтаулы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

«Мен Брук жайлы жаман еш нәрсе айта алмаймын. Ол тамаша боксшы. Жанындағыларға абыройлы және жақсы төбелеседі. Менімен айқасудан бас тартқан бірнеше боксшыны білемін, сондықтан мен аздап таң қалдым (Бруктың келіскеніне) және осы жекпе-жекпен мақтанамын», - деді Головкин. - Мен Бруктың 147 фунттан 160 фунтқа не себепті көтерілгенін білмеймін. Бірақ мен жекпе-жекке әрдайым дайынмын, себебі ол менің белбеулерімді алуға батылдығы жеткені үшін құрметке лайық».

Соңғы жаңалықтар