Г. Головкин: Менің Канеломен кездесуім бокс әлеміндегі ірі жекпе-жек болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Канело Альвареспен жекпе-жекке шығу туралы пікірімен бөлісті.

Г. Головкин: Менің Канеломен кездесуім бокс әлеміндегі ірі жекпе-жек болмақ

Бұл туралы GGG-дің ВКонтакте желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

«Менің ойымша, ол нағыз жауынгер, ол айқасқа дайын. Мүмкін Golden Boy Promotions компаниясы дайын емес шығар. Менің Канеломен кездесуім бокс әлеміндегі ірі жекпе-жек болмақ», - деді ол.