Г.Головкин өз бапкерін жеңісімен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин «Твиттер» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында бапкері Абель Санчесті құттықтады, деп хабарлады Sports.kz.
А.Санчес бокс жайлы жазатын АҚШ журналистер қауымдастығының талдауы бойынша 2015 жылдың үздік бапкері атанды.
«BWAA марапаты Абель Санческе бұйырды! Жылдың үздік бапкерін құттықтаймын!» - деді боксшы.