Г.Головкин Pound for pound (P4P) салмақ дәрежесінен тыс үздік боксшылар рейтінгінде екінші орыннан көрінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Боксшы Геннадий Головкин Pound for pound (P4P) салмақ дәрежесінен тыс үздік боксшылар рейтінгінде екінші орыннан көрінді.
None
None

Рейтингті ESPN спорттық арнасы құрастырған, деп жазады vesti.kz. Спортшыларды арнайы шақырылған сарапшылар анықтайды. Олардың әрқайсысы боксшыларға ұпайлар береді. Бірінші орын үшін он, екінші орынға - тоғыз ұпай беріледі.

Геннадий Головкинді бірінші орынға сарапшылардың біреуі ғана қойғанын атап өту керек. Дауыс беру кезінде қазақстандық спортшы барлығы 76 ұпай жинаған. Алдыңғы рейтингте Геннадий Головкин үшінші орында болды.

Рейтингтің басында Роман Гонсалес (Никарагуа) тұр. Ол ең жеңіл салмақтағы әлем чемпионы болып табылады. Үшінші орында - филиппиндық Мэнни Пакьяо. Сондай-ақ үздіктер ондығына Гильермо Ригондо (Куба), Сергей Ковалев (Ресей), Андре Уорд (АҚШ), Тимоти Брэдли (АҚШ), Владимир Кличко (Украина), Мигель Котто (АҚШ) және Сауль «Канело» Альварес (Мексика) кірді.

Соңғы жаңалықтар