Г.Головкинді жекпе-жекке шақырған боксшы өз қарсыласын нокаутқа жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік боксшы Дмитрий Чудинов орта салмақтағы WBA чемпионы атағын сәтті қорғап шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Г.Головкинді жекпе-жекке шақырған боксшы өз қарсыласын нокаутқа жіберді

27 жасар Дмитрий Чудинов Севастополь қаласында француз Мехди Буадлаға қарсы өткізген болатын және оны айқын басымдықпен жеңді.

Ресейлік боксшы жекпе-жекті өте қарқынды бастады, бірінші раундтың өзінде ол қарсыласының бауырынан қатты соққы жасап, нокдаунға жіберді. Екінші раундта Буадла тағы екі мәрте нокдаун алды және үшінші кезеңге дейін әрең шыдас берді. Үшінші раундта Буадланың әуселесі құрығаны соншалық, бас қазы кездесуді тоқтатуды жөн деп шешті. Айта кетейік, бұның алдында Чудинов қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырған болатын. «Мен үшін бұл жекпе-жек үлкен құрмет болар еді, себебі Геннадий Голвкин қазір үлкен жұлдыз», - деді ол.