Г.Головкиннiң Қазақстандағы жекпе-жегi 2015 жылы Астана күнiнде өтуi мүмкiн

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннiң Қазақстандағы бокс кешi 2015 жылы Астана күнiнде өтуi мүмкiн. Бұл туралы боксшының өзi ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесуi барысында мәлiм еттi.
None
None

«Сiзбен танысқаныма қуаныштымын. Мен үйде көп бола бермеймiн. Жылы жаққа ұшып, сонда демалуға мүмкiндiк болды. Бірақ мен өзiмнiң туған елiме келдiм. Отаныма құрмет көрсеткiм келдi. Қарағандыда тұратын анама соқтым, бiрнеше күн соның қасында болдым. Көп адамдармен қауыштым», - дедi Г.Головкин.

Оның айтуынша, боксшы Қазақстан Бокс федерациясының президентi Тимур Құлыбаевпен жүздескен. «Қарағанды облысының әкiмiмен және Астана басшысымен кездестiм. Әдiлбек Рыскелдiұлымен жоспарымызбен бөлiстiк. Келесi жылы Астанада шетелдiң танымал боксшыларын шақырып, керемет бокс шоуын ұйымдастыруды ойлап отырмыз. Оны Астана күнiнде өткiзудi жоспарладық. Бiз HBO телеарнасымен бiрлесiп жұмыс жасаудамыз, сондықтан барлығы ойдағыдай болады. Әзiрге боксшылардың есiмiн атамаймын. Өзiмiздiң елордамызды шет мемлекеттерге көрсетiп, Қазақстан Әнұранының ойнағанын қалаймын», - дедi спортшы.

Соңғы жаңалықтар