21:58, 30 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Г. Головкиннің WBO нұсқасы бойынша чемпион Энди Лимен кездесуі ықтимал
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы, WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы, 32 жастағы Геннадий Головкин WBO нұсқасы бойынша чемпион ирландиялық Энди Лидің титулын көздеп отыр, деп хабарлады Boxingscene.com. порталы.
Бұл атақты Энди Ли бірнеше апта бұрын ресейлік Матвей Коробовты нокаутқа түсіріп, жеңіп алған еді. Головкин жекпе-жектен үлкен әсер алғанын және алдағы уақытта жеңімпазбен кездесуге шыққысы келетінін мәлімдеді.
Сонымен бірге, қазақстандық өзінің келесі қарсыласы британдық Мартин Мюрреймен өтетін кездесудің де аса маңызды екендігін атап өтті. Олардың арасындағы жекпе-жек Монакода 21 ақпанда болады. «Мюррей жақсы боксшы, ол өте күшті, арамызда тартысқа толы кездесу өткелі тұр, алайда мен оған дайын боламын», - деп қосты қазақстандық.