Г.Хиддинк «Челсимен» келіссөз жасап жатқанын растады

МӘСКЕУ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат - Ресей құрамасының бас жаттықтырушысы Гус Хиддинк Reuters агенттігіне берген сұхбатында, маусымның соңына дейін оған жұмыс ұсынып отырған «Челси» клубымен келіссөз жасалып жатқандығы туралы фактіні растады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.«Бұл бола бермейтін жағдай екенін айтуым керек. «Челсидан» басқа клуб болса, мен 100 пайыз «жоқ» деп жауап берер едім. Бірақ «Челси» - ерекше, себебі мен клуб иесі Роман Абрамовичпен жақсы таныспын. Сондықтан да, қазіргі жағдайда оған қолымнан келгенше көмек көрсетуге әзірмін», дейді Г.Хиддинк. Жаттықтырушының айтуынша, бұл мәселе бойынша нақты шешім жақын күндері қабылданады. Г.Хиддинк команданың жаттықтырушылар штабының консультантының жұмысы туралы емес, бәрі оңынан шешілсе, «бұл толыққанды күнделікті жатықтырушылық жұмыс болатынын» айтады. «Бірақ, бұл жерде маусымның соңына ? алдағы 2-3 ай бойы ғана жұмыс істеу туралы сөз болып отыр», дейді ол. «Әрине, Ресей құрамасы 2010 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде ойнайтын кезде, мен оларды да жаттықтыратын боламын, себебі ол уақытта Англияда ешқандай ойын болмайды», дейді Хиддинк. Жаттықтырушы Ресей құрамасынан кету туралы сөз болып отырмағанын ерекше атап көрсетті. «Ресей құрамасымен жұмыс ? ұзақмерзімдік жоба. Мен оны аяқсыз қалдырғым келмейді», деп мәлім етті голландық.
Соңғы жаңалықтар