Г.Иксанова Әлеуметтік-мәдени даму комитетін басқарады
АСТАНА. ҚазАқпарат Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында төменгі палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитеті төрайымы қызметіне Гүлнар Иксанова сайланды.
«Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы қызметіне депутат Гүлнар Мұстахымқызы Иксанованы ұсынамын», - деді Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов.
Депутаттар Г.Иксанованың кандидатурасын бірауыздан қолдады.