Ғ.Құрманғалиевтің 100 жылдығына арналған республикалық әншілер байқауының жеңімпаздары анықталды

ОРАЛ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қаратөбе ауданында атақты әнші-композитор, ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдығына арналған «Жез таңдай, күміс көмей ән еркесі» атты ІІІ республикалық әншілер байқауының жеңімпаздары белгілі болды,

Ғ.Құрманғалиевтің 100 жылдығына арналған республикалық әншілер байқауының жеңімпаздары анықталды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайысқа барлығы 25 үміткер қатысты. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені атыраулық Қайрат Кәкімов жеңіп алды. Қайрат - БҚО-дағы Сырым ауданының түлегі, Орал қаласында оқып, шеберлігін шыңдаған ол бүгінде Атырау қаласында қызмет атқарады.

Семейлік Гүлмира Темірбекова - бірінші, алматылық Рысты Сүлейменова мен оралдық Дастан Есентеміров - екінші, батысқазақстандықтар Күләш Қуанышқалиева мен Армат Алдамжаров үшінші жүлдені иеленді.