Г. Марченко: Зейнеткерлік жасты жоғарылату - ерлерге қатысты әділеттілікті қалпына келтіру

АЛМАТЫ. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Зейнеткерлік жасты ұлғайтуды әйелдерге қатысты әділетсіздік ретінде қарастырмау керек, бұл өз кезегінде ерлерге қатысты әділеттілікті қалпына келтіру. Бұл туралы бүгін Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко мәлім етті.

Г. Марченко: Зейнеткерлік жасты жоғарылату - ерлерге қатысты әділеттілікті қалпына келтіру

«Біз осы мәселені АҚШ-тағы, Германиядағы, Испаниядағы немесе Швейцариядағы әріптестермен талқылаған кезде, олар осы әңгіменің негізін түсінбейді. Олардың пайымынша, басқа елдердегі секілді бұл қадам біздің мемлекетте ертеректе іске асырылған. Себебі, Конституциялық түсініктегі теңдік осы салада да болуы тиіс. Сондықтан бұл әйелдерге қатысты ешқандай да әділетсіздік емес, бұны ерлерге қатысты әділеттілікті қалпына келтіру деп қарастыруға болады»,-дейді Ұлттық банк басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кездегі зейнеткерлердің 72 пайызы әйелдер, сондай-ақ 28 пайызы ер азаматтар.

«Зейнеткерлікке шықаннан кейін ерлер орташа алғанда 13 жыл өмір сүреді, ал әйелдер 20,8 жыл. Бұл көрсеткіштер өте маңызды, себебі, бұл жайында көбінесе айтылмайды немесе бұрмалап жатады»,-дейді Г. Марченко.