Г.Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық» романының қолжазбасы сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты және «Жүз жылдық жалғыздық» романының авторы Габриель Гарсиа Маркестің мұрағатын Остин қаласындағы Техас штатының университеті сатып алды, деп жазады ВВС.
None
None

Ал, Колумбияның Мәдениет министрі Мария Гарсес бұл келісімге өкініш білдірген. «Мұрағатты сатып, ел құнды дүниеден айырылды», - деген ол. Ал, Америкалық университетке мұрағатты сатқан жазушының туыстары болса, Колумбия билігі Маркестің әдеби мұрасына сұрау салмағанын алға тартқан.

Гарри Рэнсон атындағы университеттің зерттеу орталығының өкілі мұрағат ұлы жазушы өмірінің жарты ғасырдан астам уақытын қамтитынын айтқан. Университет қол жеткізген коллекцияға жазушының танымал романдарының және өзге де кітаптарының қолжазбасы, екі мыңнан астам хат, соның ішінде Грэм Грин және Карлос Фуэнтеске жазған хаттары, Маркестің Нобель сыйлығын алғандағы сөзі, сондай-ақ жазушының жазу машинкасы мен компьютері енген.

Сондай-ақ, мұрағатта жазушы қолжазбаларының алғашқы нұсқалары мен 40-тан астам фотоальбом бар.

Соңғы жаңалықтар