Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының 67-ші маусымы «Шығыс сазы» комедиясымен жабылды

АЛМАТЫ. 1 шілде. ҚазАқпарат - Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 67-ші маусымы «Шығыс сазы» музыкалық комедиясымен жабылды.
None
None

29 мамыр күні премьерасы өткен бұл қойылымның авторы және режиссері - Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов.

Өнер ұжымы бұл маусымда өз репертуарын 5 қойылыммен толықтырды. Олар - М.Әуезовтің «Ай-Қарагөз...» трагедиясы, Ж.Солтиеваның «Сағым қуғандар» мистикасы, Иран-Ғайыптың «Фатима» қасірет-намасы, Ә.Таразидің «Жақсы кісі» трагикомедиясы мен С.Балғабаевтың балаларға арналған «Ең алғашқы Жаңа жыл» музыкалық ертегісі.

Осы маусым ішінде театр Қырғызстандағы Қазақстанның мәдени күндері кезінде Бішкектегі Т. Абдумомунов атындағы қырғыз ұлттық академиялық театрында гастрольдік сапарын өткізді. Сондай-ақ Жаңаөзен, Астана қалаларына да гастрольдік сапармен барып қайтты.

Соңғы жаңалықтар