Ғ.Мүсірепов театрында жаңа қойылымның тұсауы кесілді

АЛМАТЫ. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Кішкентай үйдің үлкен құпиясы» атты жаңа қойылымның тұсауы кесілді,

 Ғ.Мүсірепов театрында жаңа қойылымның тұсауы кесілді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жаңа қойылым белгілі орыс драматургі Александр Вампиловтың «Тұңғыш ұл» пьесасының негізінде сахналанған. Қазақшаға аударған және қоюшы-режиссері Талғат Теменов. Комедиялық қойылым бір отбасының айналасында өрбіп, талай құпияның бетін ашқан бір сәттік оқиға туралы. Спектакльдегі рөлдерді Мұхитдин Шынтаев, Ербол Садырбаев, Тұрсын Құралиев, Есжан Хамидуллиндер сомдады.