Г.Насимова: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан диалог пен сындарлылықты қолданудың үлгісі болуы тиіс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 2017-2018 жылдарға БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне сайлануы - Қазақстанды әлемдік қауымдастықтың мойындауы.
None
None

Және бұл еліміз үшін үлкен жауапкершілік, Қазақстан диалог пен сындарлылықты қолданудың үлгісі болуы тиіс. Саяси ғылымдар докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Насимова осындай пікірімен бөлісті.

 «Біздің еліміз бүкіл әлемдегі тұрақтылықты сақтауға барынша күш салатынын көрсетіп, бірнеше рет келіссөздер алаңын ұсынды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу ұтқырлық және ұйымдастыру жағынан орасан күш салуды талап етеді. Оның үстіне қазіргі жағдай мемлекеттер бірігіп қана еңсере алатын бірқатар халықаралық мәселелердің шиеленісуіне, тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатер төнуіне әкеп соқты. Тіпті БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше елдері арасында да айтарлықтай түсініспеушіліктер бар екенін естен шығармаған жөн», - деді ол.

Сондықтан, Қазақстан үшін бұл үлкен жауапкершілік, өз кезегінде Қазақстан ішкі және сыртқы саясатта диалог пен сындарлылықты қолданудың үлгісі болуы тиіс.
«ХХІ ғасыр мәселелеріне қарсы тұратын маңызды жаһандық стратегиялық шешімдер қабылдауда Қазақстан өз әлеуетін көрсете алады деп ойлаймын», - деп қорытындылады Г.Насимова. 

Соңғы жаңалықтар