G20 бизнес-саммитінде мемлекеттер халықаралық саудада жасанды шектеулерді қолдану саясатынан бас тартуға шақырылды
СЕУЛ. 11 қараша. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ - Бүгін Сеулде G20 бизнес-саммитіне қатысушылар мемлекеттерді халықаралық саудада жасанды шектеулерді қолдану саясатынан бас тартығу шақырды. Бұл туралы бизнес-саммитке қатысқан 12 жұмыс тобы отырысының қортындысы бойынша жарияланған бірлескен мәлімдемеде айтылды.
120 топ-менеджерлерден басқа, бизнес-саммитке «жиырмалыққа» кіретін бірқатар көшбасшы мемлекеттер қатысты. Бизнесмендер G20 саммитінің экономикалық дағдарысқа қарсы күрестегі серпінін атап өтіп, «жиырмалыққа» мүше көшбасшыларды тым болмағанда әлемдік қаржы дағдарысы басталмай тұрғанға дейінгі деңгейіне дейін болсын, жасанды шектеулерді қолдану саясатынан бас тартығу шақырылды.
Бірлескен мәлімдемеде сауда мен инвестиция мәселелерін G20 саммитінің күн тәртібіне тұрақты негізде енгізу қажеттілігі айтылған.
Жалпы алғанда бизнесмендер саммит жұмысы барысында жаңа жұмыс орындарын құру, энергияның қайта жаңғыруы, инвестиция мен халықаралық қаржы сияқты салалардағы мәселелердің кең ауқымын талқыға салды.