G20 саммиті: БРИКС елдері ортақ банк құрды

АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ресейдің Санкт-Петербор қаласында өтіп жатқан G20 саммитінде БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка Республикасы) мемлекеттері ортақ банк құру туралы шешім қабылдады.

G20 саммиті: БРИКС елдері ортақ банк құрды
БРИКС банкінің жалпы қоры 100 млрд. доллар болмақ. Оңтүстік Африка Республика оның 5 млрд. долларын құйса, Ресей, Бразилия мен Үндістанның әрбіреуі 18 млрд.-тан бөлетін болатын. Ал аталған қордың ең қомақты қаржысы - 41 млрд. АҚШ долларын Қытай Халық Республикасы салуға ниет білдіріп отыр.