Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

G20 саммиті кезінде Ханчжоу қаласының екі миллион тұрғыны қаладан кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ханчжоу қаласының екі миллионға жуық тұрғыны (әкімшілік орталығы Чжэцзян қаласы, Шығыс Қытай) G20 саммиті кезінде елдің басқа қалаларына және шет елдерге саяхат жасауды ұйғарған. Қытайдағы ең ірі туристік оператор - Ctrip компаниясы жариялаған баяндамада осындай ақпарат жарияланды, деп жазады ТАСС.

G20 саммиті кезінде Ханчжоу қаласының екі миллион тұрғыны қаладан кетті

«Туристердің 67%-ы ішкі туристік бағыттарды таңдаған. Қалаға жақын орналасқан қалаларға сұраныс көп болған. Ең көп сұранысқа ие туристік орындардың үздік ондығына Санья, Куньмин, Сямэнь, Лицзян, Гуйян, Чанша және Гуйлинь қалалары, сонымен бірге Хуаншань (Аньхой провинциясы), Цзючжайгоу (Сычуань провинциясы) және Чанбайшань (Цзилинь провинциясы) таулары енген", -деп жазды Синьхуа агенттігі баяндамаға сілтеме жасап.

Тоғыз миллион тұрғыны бар Ханчжоу қаласының билігі қауіпсіздік мақсатында G20 саммиті мерзіміне бірқатар шектеулер енгізді. Қаланың кейбір аудандары арасында жүруге шектеу қойылды. Онда тек тұрғындар мен компания қызметкерлері арнайы жеке куәлігін көрсетіп, қауіпсіздік тексерісінен кейін ғана жіберілген.