G20 саммитінде әлемдік экономиканың өсуін ынталандыру жөніндегі іс-әрекет жоспары қабылданады

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Ханчжоу қаласында G20 саммитінде әлемдік экономиканың орнықты және теңгерімді өсімін ынталандыру жөніндегі іс-әрекет жоспарын қабылдау жоспарлануда.

  G20 саммитінде әлемдік экономиканың өсуін ынталандыру жөніндегі іс-әрекет жоспары қабылданады

Бұл туралы бүгін брифинг барысында Қытай Халық Банкі төрағасының орынбасары   И Ган (Yi Gang) мәлімдеді.

 «Саммиттің төрт маңызды тақырыбы, біріншіден, әлемдік экономиканың орнықты және теңгерімді өсімін ынталандыру. Екіншіден, халықаралық қаржы сәулетін жетілдіру, үшіншіден, қаржы секторы реформаларын алға жылжыту, төртіншіден, инклюзивті қаржыларды дамыту (...) Біз Ханчжоу Іс-әрекет жоспарымен жұмыс жүргізудеміз. Онда жоғарыда көрсетілген міндеттерді, бірінші кезекте, әлемдік экономика өсімін  орнықты және теңгерімді ынталандыруды шешу бойынша нақты шаралар жазылған. Сондай-ақ G20 көшбасшыларының декларациясымен жұмыс істеп жатырмыз», - деді ол.

И Ган 2016 жылғы 1 қазаннан бастап қытай юані арнайы алыс-беріс құқықтары есебіне ресми енгізілетінін еске салды.

Еске салсақ, 2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап  «жиырмалыққа» төрағалық  Түркиядан Қытайға өтті. «Инновациялық, кінәратсыз, өзара байланысты және инклюзивті әлемдік экономика құру» тақырыбындағы саммит Ханчжоу қаласында 4-5 қыркүйекте өтеді.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ҚР Президенті Н. Назарбаевты алда өтетін G20 саммитіне қатысуға шақырды. Бұл ҚР өкілдеріне «үлкен жиырмалық» аясында шаралардың  жылдық кестесіне қатысуға мүмкіндік береді.

null