G20 саммитіне қатысушы мемлекеттер Сирия мәселесі бойынша екі «лагерьге» бөлінді

АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Кеше G20 саммитіне қатысушы мемлекеттер Сирия мәселесін кешкі аста талқылады. Бүгінде олар халықаралық интервенцияны қолдану бойынша екі «лагерьге» бөлініп отыр.

G20 саммитіне қатысушы мемлекеттер Сирия мәселесі бойынша екі «лагерьге» бөлінді

РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков атап көрсеткендей, кешкі аста «G20» басшыларының Сирия шиеленісін шешу бойынша екіге бөлінгені барынша байқалды. «Осы орайда Сириядағы әскери операцияны қолдайтындар және оған қарсы болғандардың саны шамамен тең болғанын атап өткім келеді. Бірқатар мемлекеттер халықаралық шарттарға қарамастан, асығыс әрекетке баруға дайын екендіктерін білдірсе, бұған қарсы бір топ елдер халықаралық құқықты бұзбауға шақырып, әскери күшті қолдану шешімін тек Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі ғана қабылдай алатындығын тағы бір мәрте ескертті», - деп атап көрсетті Д.Песков.