«G8» бен «G20» жаңа әлемдік қаржылық-экономикалық архитектураның қалай болатынына жауап бере алмауда - Н. Назарбаев

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - «G8» бен «G20» жаңа әлемдік қаржылық-экономикалық архитектураның қалай болатынына жауап бере алмай отыр.
None
None

Бүгін Астанада өтіп жатқан Еуразия медиа форумы барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

Сөз арасында Елбасы бүгінгі таңда «G-20» шеңберінде жаһандық экономикалық шешімдер іздестіруді белсенді ете түсудің маңыздылығына тоқталып өтті. Ал бұл бағытта Санкт-Петерборда өтетін осындай жиынға Қазақстан да шақырылған.

«Жалпы біз жаһандық дамудың қазіргі сатысындағы әлемнің мүлдем жаңа жағдайға өтуіндегі басты ерекшеліктерді байқап отырмыз. Өкінішке қарай, осы жылдар ішінде «G-8» де «G-20» да әлемдегі жаңа қаржылық-экономикалық архитектураның қандай болатынына, экономика мен саясат қайда баратынына жауап бере алмай келеді. Жауап әзір де жоқ», - дей келе, Елбасы бұндай мәселеге барша мемлекеттер атсалысуы тиістігін, сондықтан да былтырғы жылы «G-Global» идеясы дүниеге келгенін атап өтті.

Қазақстан Президентінің айтуынша, бұндағы басты идея - бұл ең алдымен әлемдік саясаттың барлық мәселелері бойынша барша жаһандық қауымдастықты пікірталасқа шақыру. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бүгінгі таңда Интернет желілерінде «G-Global» коммуникациялық алаңы табысты жүзеге асып жатқанын, оған миллиондаған пайдаланушылар қосылып, 50-ден астам мемлекет өздерінің ұсыныстарын енгізгенін айтты.

«ХХI ғасырда осындай негізде жұмыс істеу арқылы кез келген жаһандық проблеманың тиімді диалогын қалыптастыруға, қатысушылар үшін тиімді шешімдерге келуге мүмкіндік болады. «G-Global»-дың басты идеясы жаһандық даму парадигмасының хаосқа ұрынған динамикасының орнына оңтайлы балама ұсыну. Мен біздің бірегей әлем сындарлы көпполярлық жағдайында өмір сүруге лайықты деп ойлаймын», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар