Гаага конвенциясы шетелдік азаматтар асырап алған балалар құқығының қорғалуын өркениетті жолмен шешу болып табылады - Ж. Түймебаев

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Гаага конвенциясы шетелдік азаматтар асырап алған балалар құқығының қорғалуын өркениетті жолмен шешу болып табылады.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңды талқылау барысында Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, осы уақытқа дейін қазақстандық балалардың көпшілігін АҚШ асырап алса, одан кейінгі орындарда Испания, Белгия, Германия секілді мемлекеттер тұр. Ал Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес, шетелдіктер асырап алған балалар он сегіз жасқа толғанға дейін Қазақстанның да азаматы болып қалатыны жайында арнайы норма қамтылған. «Осыған орай, Қазақстан аталмыш балаларға қатысты қос азаматтықты мойындайды. Шетелдіктер асырап алған бала кәмелеттік жасқа толғаннан кейін өзінің тұрақты тұратын мемлекетін таңдайтын болады», деді Ж. Түймебаев.

Оның айтуынша, аталған Конвенцияның мақсаттарының бірі баланы қабылдаған мемлекеттің асырап алған бала құқығын, асырап алушының балаға деген жауапкершілігін, сондай-ақ асырап алушы ата-ана мен бала арасындағы құқықтық қарым-қатынасын және балаға мұра қалдыру мәселелерін қамтамасыз етеді. Құжаттың бірқатар баптарында халықаралық бала асырап алу баланың мүддесіне сай жүргізуді қамтамасыз ету үшін қауіпсіздік шаралары айқындалған. «Бұл жемқорлықтың және қаржылық пайда болдырмау мәселесіне баланың қорғаншылық және қамқоршылық органдарының көзқарасын ескеру болып табылады. Конвенцияны дұрыс қолдану үшін басқа мемлекеттермен келісімшартар жасау да қарастырылған. Бұдан басқа, бала құқықтарын қорғау үшін қажетті құқықтар белгіленді», деді министр.

Оның айтуынша, бұл конвенцияны әлемнің 76 мемлекеті ратификациялаған. «Конвенция заңнаманың ұлттық құқықтық өкілеттігін шектемейді. Осыған орай, құжатты қабылдау Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қайшы келмейді.

Соңғы жаңалықтар