Гаагада Қазақстан‒Нидерланды бизнес-форумы өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Гаага қаласына ресми сапары аясында Қазақстан‒Нидерланды бизнес-форумының ашылуына қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz сілеме жасап хабарлайды.

Гаагада Қазақстан‒Нидерланды бизнес-форумы өтті

Қазақстан Республикасының және Нидерланды Корольдігінің Премьер-Министрлері V Қазақстан‒Нидерланды бизнес-форумының ашылуына қатысты, оның аясында екі елдің Үкімет басшыларының қатысуымен 5 құжатқа қол қойылды:

  • «K-Agro» қазақстандық компаниясы мен нидерландылық «Farm Frites» компаниялары арасындағы Жамбыл облысында фри картобын өндіретін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім. Жобаның құны — $145 млн;

  • «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен «NEVASCO» компаниялар тобы арасындағы Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) және геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) саласындағы жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісім;
  • Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен «Вахенинген» университеті арасындағы қазақстандық аграрий студенттерді оқыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандум. «Вахенинген» университеті ‒ жаратылыстану ғылымдары, табиғи ресурстарды басқару, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы саласындағы әлемдегі жетекші орталықтардың бірі;

  • «ТКШ Қазорталығы» АҚ-мен «Witteven+Bos» арасындағы канализациялық тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау туралы бағдарламаны іске асыру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  • «Dal Agro Park» пен «Dutch Greenhouse Delta» арасындағы Түркістан облысында 200 гектар агропарк салу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға 200-ге жуық нидерландтық және қазақстандық бизнес өкілдері қатысты. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, AХҚО, Deloitte, Shell, Нидерландының Бизнес және жұмыс берушілер конфедерациясының және т.б. өкілдері екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды дамыту перспективалары туралы баяндады. Форумға қатысушылар өз мүмкіндіктерімен таныстырып қана қоймай, сонымен бірге B2B (business-to-business) форматында әлеуетті серіктестермен жұмыс кездесулері мен келіссөздер өткізді.

ҚР Премьер-Министрі Shell, Bitfury, SuezGroup, Farm Frites, Dutch Fruit Solutions нидерландтық компанияларының өкілдерімен кездесулер өткізді, олармен Қазақстанда энергетика, деректерді өңдеу және блокчейн-технологиялар, білім беру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және т.б. салалардағы жобаларды жүзеге асырудың перспективалары талқыланды.кімет басшысы World Horti Centre халықаралық жылыжай бағбаншылығына арналған білім және инновациялар орталығына барып, хайперлуп (Hyperloop) жаңа көлік жүйесін әзірлеумен айналысатын «Hardt Hyperloop» компаниясының қызметімен танысты, бұл көлік жүйесі жеңілдетілген болат құбырлар бойымен капсула түріндегі шағын қайықтарда сағатына 1 мың шақырымға дейін жылдамдықпен жүруге мүмкіндік береді.