Гаагада ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі тақырыбында семинар өтеді

АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қыркүйектің 3-і мен 4-і аралығында Гаагада ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар мәселелері жөніндегі  Жоғарғы Комиссары Кнут Воллебектің қолдауымен ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі тақырыбында  семинар өтеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семинар жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан мен Нидерланды мемлекеттік органдарының және ЕҚЫҰ институттарының өкілдері қатысады. Ресми өкілдің айтуынша, семинар барысында қазақстандық делегация тәжірибе алмасу мақсатында Фрисланд Академиясында (Луварден қаласы) болып қайтпақ.

Соңғы жаңалықтар