Гаагада жарылыс болып, бірнеше үй қирады

АСТАНА. ҚазАқпарат - RTL News ақпараттық порталының мәліметінше, жарылыс нәтижесінде үш үй қираған. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.

Гаагада жарылыс болып, бірнеше үй қирады

Жарылыс Нидерландының батысындағы Гаагада орын алып, нәтижесінде үш үй қираған.

Қиранды астында адамдар болуы мүмкін, әзірге олардың саны белгісіз.

Жергілікті өрт сөндіру қызметі өкілдерінің алдын ала болжамы бойынша жарылысқа газдың шығуы себеп болған.