19:47, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Гаагадағы ҚР Елшілігінде Нидерландыда оқитын қазақстандық студенттермен кездесу болды
АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат – Гаагадағы Қазақстан Елшілігінде Голландияның жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттермен және осында сынақ мерзімінен өтушілермен кездесу болып өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. Оқушылар Қазақстан мен Еуропаның жетекші елдері ынтымақтастығының жаңа міндеттері мен кеңістігін белгілеп берген, 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» атты мемлекеттік бағдарламасына, соның ішінде ? білім саласына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, олар әлемдік қаржы дағдарысы әсер етіп отырған Қазақстандағы экономикалық ахуалмен, дағдарысқа қарсы ҚР Үкіметі қолданып отырған шараларымен де таныс болды. Студенттер мен сынақ мерзімін өтеушілер Президенттің «Болашақ» бағдарламасы арқасында Нидерландыда білім алып жатқандарына ризашылықтарын білдірді, осы елдегі университеттердің, институттардың Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдіріп отырғандығын, сондай-ақ, голландықтардың біздің мемлекетімізде жастардың шет елдерде білім алуларына жағдай жасап отырғандығын құптайтындықтарын атап өтті. «Болашақ» бағдарламасы бойынша қазіргі таңда қазақстандық студенттер Нидерландының Дельфта техникалық университеті, Вагенингена аграрлық университеті, Фонти қолданбалы ғылым институты секілді жетекші жоғары оқу орындарында білім алуда. Аталған білім беру мекемелері өздерін Еуропадағы жетекші ғылыми-зерттеу орталықтары ретінде таныта алғандар, олардың инновациялық жаңалықтары салалас кәсіпорындар мен компанияларда өндіріске енгізілуде.