Габон шабуылшысы Обамеянг Африканың жыл футболшысы атанды
АСАНА. ҚазАқпарат - Габон құрамасының және дортмундық "Боруссияның" шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг Африканың жыл футболшысы болып танылды.
Бұл туралы Африка конфедерациясының ресми сайтында хабарланды. Обамеянг наградаға алғаш рет ие болды.
Ақтық дауыс беру кезінде 26 жастағы форвард "Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы Яя Туре мен "Суонси" шабуылшысы Андре Айюді артқа тастады, деп хабарлайды ТАСС.