Габриэль Брегвадзе Словениядағы беделді турнирдің финалисі атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Словенияның Копер қаласында 12 жасқа дейінгі өспірімдер арасында Tennis Europe сериясының бірінші санатты халықаралық турнирі мәресіне жетті.
Аталған додада ел намысын жалғыз өзі қорғаған қазақстандық теннисші Габриэль Брегвадзе жекелей сында да, жұптық бәсекеде де жоғары нәтиже көрсетті.
Жұптық сында отандасымыз болгариялық Микаэль Ивановпен бірге өнер көрсетті. Сәтті ойын өрнегін көрсеткен тандем финалға дейін жетіп, бас жүлде үшін өткен тартысты матчта Лукаш Леринчик (Словакия) пен Свит Бролих (Словения) жұбына есе жіберді. Екі сетке созылған шешуші бәсеке 3:6, 6:7 есебімен аяқталды.
Жұптық сындағы күміс жүлдеден бөлек, Габриэль Брегвадзе жекелей сынның турнир кестесінде де ширақ қимылдап, жартылай финалға дейін жетті.
Айта кетелік Айым Қанағатова Албаниядағы турнирде жеңіске жеткен еді.