Гаджеттану пәнін енгізуді ұсынады

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - ІТ мамандары Америкада гаджеттану пәнін енгізуді ұсынып отыр. Мамандардың пікірінше, мұндай қадамсыз компьютер ғылымдары саласында табысқа жету мүмкін емес.
None
None

Бұл жайлы 3DNews.ru хабар­лайды. One Laptop Per Child ұйымының өкілі Родриго Арболеда, SparkFun компаниясының өкілі Джефф Бренсон және Code.org-тің өкілі Пэт Янгпрадит мектептерде гаджеттануды оқыту туралы ұсынысын Rethinking Education аталатын дискуссия кезінде айтқан. Р.Арболеданың айтуынша, АҚШ-тың орта білім беретін мектептері оқушы­лар­дың индивидуалдық ерек­ше­лік­терін ескермейді. Гаджеттер мен бағдарламаларды балалар ерте жастан жоғары деңгейде меңгеруі тиіс. Сарапшылар бұл жаңа пәнге шығармашылық процесс деп қарауды да ұсынады, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.

«Оқушыда көп электрониканың болуы міндетті емес, бірақ бір ғана ноутбугы оның тұлғалық қасиетін дамыту үшін баға жетпес құралға айналуы керек», - дейді Р.Арболеда.

Соңғы жаңалықтар