Гаити: карнавалда 18 адамды тоқ соғып, қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гаити астанасы Порт-о-Пренстегі карнавал кезінде 18 адамды тоқ соғып, қаза тапты.

Гаити: карнавалда 18 адамды тоқ соғып, қаза тапты

Ассошиэйтед Пресс келтірген куәгерлердің сөзіне қарағанда, электр таратушы сым карнавал өтіп жатқан кезде адамдар болған платформаға құлаған.

Карнавалға қатысушылардың бірі осыған дейін таяқтың көмегімен электр сымының астымен карнавалдық керуен өтуі үшін оны көтермек болған. Оқыс оқиға осыдан кейін орын алған.

Платформада болғандардың көбі ажал құшты, кейбіреулері секіріп үлгерді.