Гаити жағалауында қайық аударылып, 14 адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Гаитидің солтүстігінде Тортуга аралынан адамдарды тасымалдаған қайықтың аударылуы салдарынан кем дегенде 14 адам қаза тауып, тағы бірнешеуі із-түссіз жоғалды. Бұл туралы ҚазАқпарат Associated Press агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Агенттік мәліметінше, қайықта адамдар шамадан тыс болғандықтан аударылып кеткен. Кем дегенде тоғыз адам құтқарылды, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі кезде жоғалған адамдардың нақты саны әзірге хабарланбай отыр.

Фотосурет: trend.az

Соңғы жаңалықтар