Гаитиде 1100-ден астам адам оба эпидемиясының құрбаны болды
АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Гаитиде оба індетінен қайтыс болғандардың саны 1,11 мың адамға жетті, тағы 18,38 мың адам ауруханаға жатқызылды, делінген елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Гаитиде қауіпті індет 20 қазанда басталды. Енді бұл індеттің Доминикан республикасына да жайылғаны белгілі болып отыр, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.