Гаитиде автоцистерна жарылып, 40 адам опат болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Гаитидің солтүстігіндегі Кап-Аитьен қаласында автоцистерна жарылып, соның салдарынан кемінде 40 адам қаза тапты. Бұл туралы сейсенбі күні жергілікті полиция мәлім етті, деп жазады Le Nouvelliste газеті.

Гаитиде автоцистерна жарылып, 40 адам опат болды

Басылымның мәліметінше, ондаған адам зардап шеккен. Төсек-орын жетпегендіктен оларды аурухана ауласында орналастыруға мәжбүр болды. Өрт жергілікті уақыт бойынша түнгі 12 шамасында басталған.