Гаитиде «Мэтью» дауылы құрбандарының құрметіне үш тәулік аза тұту күні жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен аптада елде мыңға жуық адамның өмірін қиған «Метью» дауылы құрбандарының құрметіне Гаити билігі 3 тәулік аза тұту күнін жариялады, деп хабарлайды Би-би-си.

Гаитиде «Мэтью» дауылы құрбандарының құрметіне үш тәулік аза тұту күні жарияланды

Құтқарушылар елде тырысқақ дерті тарап жатқанын растады. Елдің денсаулық сақтау министрлігі қаза тапқандардың саны қазіргіден де көп болуы мүмкін екенін айтып отыр.

Гаити - әлемдегі ең кедей елдердің бірі. Ал бұл жолғы дауыл  соңғы 10 жыл ішінде Кариб бассейнінде болған ең қуатты дауыл болып шықты:  Сафир-Симпсон шкаласы бойынша бесінші деңгейге жеткен. Желдің жылдамдығы 230 км/сағатқа дейін барған.

Қазір дауыл АҚШ-тың оңтүстік-батыс штаттарына жетті, бірақ жылдамдығы бәсеңдеп, 120 км/сағатқа дейін түсті. Бұған қарамастан жұма күні Барак Обама табиғаттың тосын мінезіне дайын болуды тапсырды.

Сенбі күні АҚШ-та аталған дауыл салдарынан 10 адам қаза тапқаны мәлім болды.