Гаитиде оба құрбандарының саны 250 адамнан асты
АСТАНА. Қазанның 25-і. ҚазАқпарат - Гаитиде тырысқақ обасынан 253 адам құрбан болды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау департаментінің басшысы Габриэль Тимоте мәлім етті.
Ал жалпы індетке шалдыққандардың саны 3 мың 15 адамға жетіп отыр. Дегенмен, шенеуніктің айтуынша, елдегі жағдай біршама тұрақтанып келеді, себебі соңғы тәуліктерде обаның жаңа бірнеше оқиғасы ғана тіркелген, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Мамандар жылдың басындағы қуатты зілзаладан зардап шеккен адамдар тұрып жатқан Гаити елордасындағы лагерьлерге инфекцияның ену ықтималдығына қатты алаңдап отыр.