Гаитиде оққағар Парламент депутатын абайсызда оққа ұшырды

АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат- Гаити Ұлттық ассамблеясы төменгі палатасының депутаты Диональ Полит жеке оққағарының абайсызда атылған оғынан қаза тапты, деп хабарлайды Newsru.com.

Гаитиде оққағар Парламент депутатын абайсызда оққа ұшырды

Агенттік хабарлағандай, полиция тергеу жүргізуде, оқ атқан оққағар қамауға алынды. Қайғылы оқиғаға куә болған жеті адамнан жауап алынуда.

Өз кезегінде палата депутаттары атқарушы биліктен Политтің өліміне тергеу жүргізетін жеке тәуелсіз комиссия құрды.

Сонымен бірге қаза тапқан депутаттың бірнеше саяси жақтастары оның әдейі өлтірілгенін мәлімдеп үлгерді.