Гаитиде супермаркет үйінділері мародерлерді басып қалды
АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат - Гаитидің астанасы Порт-о-Пренстегі жартылай қираған супермаркет оның ішінде жүрген мародерлерді басып қалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат АFР сайтына сілтеме жасап.
Құтқарушылардың айтуынша, үйінділер астында 5-8 адам болуы мүмкін. Қазір оларды қираған үйдің астынан алып шығу жұмыстары жүргізілуде. Әзірге белгілі болғаны - бір адам тірі қалған, оның өзі үйінділердің астында қалып отыр. Қазіргі сәтте құтқарушылар супермаркет қирандыларының астынан екі адамды алып шықты.
Зілзалаға дейін 5 қабатты үйде Порт-о-Пренстегі ең ірі супермаркеттердің бірі орналасқан болатын. Апат салдарынан көптеген адамдарды ажал құштырып, ғимараттың жартысы қирап қалды.