Гаитиде үйінділердің астынан 70-тен астам тірі адам қазып алынды

АСТАНА. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат - Гаитите өткен аптадағы қуатты зілзаладан бері үйінділердің астынан 70-тен астам тірі адам қазып алынды,

Гаитиде  үйінділердің астынан   70-тен астам  тірі адам қазып  алынды

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі БҰҰ-ның Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі өкілі Элизабет Бирске сілтеме жасап.

Басқарма елдегі құтқару операцияларын үйлестіріп отыр, ол шараларға құрамына 1739 адам мен 161 иісшіл ит кіретін құтқарушылардың 43 командасы атсалысуда.

«Жетпіс саны онша көп емес сияқты көрінуі мүмкін, бірақ құтқарушылар жұмыс істеп жатқан жағдайды ескерсек, бұл рекордтық көрсеткіш», дейді Элизабет Бирс, «көшелердің барлығы жабық екенін, ал құтқарушылардың не жергілікті көмекте, не аман қалған халықтан көмек көре алмай отырғанын» алға тартып.

Ал Гаитиде жұмыс істеген БҰҰ қызметкерлерінің тағдырына тоқталған Бирс ханым, қазіргі таңда 40 қызметкердің қаза тапқаны туралы мәлімет бар екенін, тағы 300ге жуық БҰҰ өкілінің із-түзсіз жоғалғандар санатында екенін мәлім етті.