Гаитиде зілзала салдарынан 270 мың адам қаза тапты - ел президенті
АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат - Қаңтардың 12-сінде Гаитиде болған зілзаланың салдарынан 270 мың адам қаза тапты. Китода (Уругвай) Оңтүстік Американың бірқатар елдерімен болған кездесуде Гаити Президенті Рене Преваль осындай мәлімет келтірді,
деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Бұған дейін Гаити үкіметі 300 мыңнан астам адамның түрлі жарақат алғанын, 1 миллионнан астам адамның баспанасыз қалғанын хабарлаған болатын.