Гаитидегі бандитизм азық-түлік пен дәрі-дәрмек таратуға кедергі келтіруде – БҰҰ

бандитизм
Фото: haitiantimes.com

АСТАНА. КАZINFORM – БҰҰ-ның гуманитарлық қызметкерлері мен олардың Гаитидегі серіктестері сейсенбі күні бандитизм мен жол тосқауылдары көмектің жеткізілуіне және дәрі-дәрмектің таралуына кедергі келтіріп жатқанын айтты. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы наурыз айындағы басты жетістік туралы жариялады: жергілікті серіктестермен бірлесіп, қоныс аударған адамдарға рекордтық 18 500 ыстық тамақ үлестірді. Бұл Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы мен оның серіктестері қауіпсіздік мәселелеріне байланысты шамамен 18 000 адамға жету қиынға соққан 20-22 наурыз аралығындағы жағдайға мүлде қарама-қайшы.

БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесі дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тарату, оның ішінде тырысқақпен күресу үшін қаражат бөлу шұғыл қажеттілік екенін айтты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) осы айда серіктестермен бірге ел астанасының 15 мыңнан астам тұрғынына 1,7 миллион литр су тарата алғанын хабарлады.

ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Кэтрин Рассел зорлық-зомбылық пен тұрақсыздық сансыз балалардың өмірін қиюы мүмкін екенін, баланың денсаулығы мен тамақтануында дағдарыс туғызызатынын ескертті.

Соңғы жаңалықтар