Гаитидегі оба 135 адамның өмірін алып кетті

АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - Гаитиде обаның шығуsнан кем дегенде 135 адам қаза тапты, деп хабарлайды елдің Медициналық қоғамдастығы президентіне сілтеме жасаған Утро.ру агенттігі.

Гаитидегі оба 135 адамның өмірін алып кетті

Жергілікті ауруханаларда дене қызуы көтеріліп, жүректері айнып, іштері ауырған жүздеген адам жатыр. Кейбір деректер бойынша 1500 адам ауру жұқтырған.

2010 жылдың қаңтар айында Гаитиде жойқын зілзала болып, елде гуманитарлық апат басталған.